5.03.2019, 18:52
Қараулар: 10
Арнайы ереже талқыланды

Арнайы ереже талқыланды

Сырым аудандық  сотында соттың  төрайымы  Ботагөз Баймұханованың  төрағалық  етуімен  облыс әкімінің арнайы қабылданған шешіміне сәйкесті мақұлданған «Билер кеңесі» туралы ереженің тармақтарын таныстыруға арналған алғашқы отырысы өткізілді.

Отырыста Ботагөз Елеуқызы қабылданып отырған ереженің маңыздылығына, ауылдық  округтердегі билер кеңесінің істі сотқа дейін жеткізбеу жолдарындағы  атқарылар міндеттеріне кеңінен тоқталды.

Отырыста аудандық ардагерлер кеңесі  төрағасының орынбасары, аудандық  билер кеңесінің төрағасы Сыдық Тәжмұхан, Жымпиты ауылдық округіндегі  билер кеңесінің төрағасы Сәлімгерей Тәжібаев тұрғындар арасында өзара татуластық орнату, орын алған келеңсіз оқиғаларды сотқа дейін жеткізбеу  мәселелеріне  тоқталып, билер кеңесіне арнайы  орын үшін бөлмемен, тиісті құжаттармен қамту жәйі, билер кеңесімен өткізілер жиындарды тұрақты  өктізіп отыру  жөнінде тоқталып, сөз сөйледі.

Мүсірбек Әлібекұлы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар