6.03.2019, 15:44
Қараулар: 725
Білім беру бөлімінің басшысы таныстырылды

Білім беру бөлімінің басшысы таныстырылды

Сырым ауданы әкімінің 2019 жылғы 6 наурыздағы №29 өкімімен Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы лауазымына Сапаров Дайыр Қадырұлы тағайындалды. Жаңа басшыны аудандық білім беру бөлімінің ұжымына Сырым ауданы әкімінің міндетін атқарушы Асланбек Сарқұлов таныстырды.

Конкурстан өтіп, басшылыққа тағайындалып отырған  Дайыр Сапаровтың  жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Дайыр Қадырұлы да артылған сенімді абыроймен ақтайтынын жеткізді.

Дайыр Сапаров 1957 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Фурманов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1978 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі

Еңбек жолын 1978 жылы Фурманов ауданының Қараөзен сегізжылдық мектебінің физика пәні мұғалімі болып бастаған.

1981-1982 жылдары Арқалық қаласындағы Б.Майлин атындағы №3 орта мектебінің физика пәні мұғалімі;

1982-1983 жылдары Арқалық қаласындағы Родина орта мектебінің еңбек, сызу және сурет пәндерінің мұғалімі,  мектептен және сыныптан тыс жұмыстары жөніндегі ұйымдастырушы;

1983-1990 жылдары Арқалық қаласындағы Б.Майлин атындағы №3 орта мектебінің физика пәні мұғалімі, сыныптан тыс жұмыстары жөніндегі ұйымдастырушы, №10 орта мектебі директорының оқу-тәрбие  жөніндегі орынбасары;

1990-1993 жылдары Арқалық қаласындағы Айдар орта мектебінің директоры;

1993-2001 жылдары Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы №4 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры;

2001-2003 жылдары Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі;

2003-2006 жылдары Орал қалалық білім бөлімінің басшысы;

2006-2008 жылдары Орал қаласындағы №34 орта мектептің директоры;

2008-2010 жылдары Орал қалалық білім бөлімінің мектеп бөлімінің меңгерушісі, Орал қалалық білім бөлімінің басшысы;

2010-2012 жылдары Орал қаласының білім беру бөлімінің Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің директоры;

2012-2016 жылдары облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 мектеп директоры;

2016-2018 жылдары Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып келді.

2019 жылдың 6 наурызынан бастап Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы қызметінде.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар