6.03.2019, 16:28
Қараулар: 400
Аналар сынға түсті

Аналар сынға түсті

Сырым ауданының Психологиялық педагогикалық түзеу кабинетінде көктемнің алғашқы мерекесі «Аналар – асыл жандар» атты тәрбиелік шара өтті.

Шараны мекеме меңгерушісі  А.Ниязгалиева құттықтау сөзімен ашып,  жылы лебізін білдірді. Бүлдіршіндер  аналарымен белсенді қатысып, көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті. Сайыс түрінде оздырылған шара 6 бөлімнен тұрды. Қатысушылар: ән, би, көркемсөз оқу, қолөнер бұйымын жасау, басқа да өнерлерін ортаға салып, Орынгүл Болат «Шебер ана», Маржан Халит  «Өнерлі ана» және Нұржанат Адилова «Жаңашыл ана» аталымдары мен  естелік сыйлық дипломдарымен марапатталды.

 

Айнұр Кенжеғалиева,

Олигофренопедагог

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар