7.03.2019, 16:48
Қараулар: 435
АНАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

АНАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін Сырым ауданы әкімінің міндетін атқарушы Асланбек Сарқұлов 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай көп балалы аналармен, ауданның қоғамдық саяси өміріне үлес қосып жүрген әйел азаматшалармен жүздесті.

Аудан басшысының міндетін атқарушы Асланбек Сарқұлов өзінің құттықтау сөзінде, әйелдердің қазақ жанұясындағы орыны туралы айтты.

  • Қазақ халқы ұлттың тектілігінің кілті әйелде екенін әуелден білген. «Текті жердің қызын ал!» деген сөз бар.

Біздер бүгін тектілік деген ұғымды байлық, дәулет деп түсінетін болдық. Тектілік – қанда, тектілік – тәрбиеде. Бұл қасиетті адам баласы ананың құрсағынан дарытып туады. Әйел адамдар, аналар сонысымен мәртебелі.

Сіздер қашанда құрметтісіздер, аяулысыздар! Әйел бақытын, ұрпақ амандығын! – тілеймін деді ол.

Кездесуде ардагер ұстаз Райса Тәжмұханова, «Күміс алқа» иегері, аралтөбелік Салиха Есенбекова, «Алтын алқа» иегері, жосалылық Орынша Айдарбекова, аудандық мәслихаттың хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, мемлекеттік қызметтің ардагері Ардақ Рамазанова секілді бірқатар әйел азаматшалар сөз сөйледі. Мереке иелерінің барлығына аудан әкімінің құттықтау хаты мен сыйлығы берілді.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар