7.03.2019, 17:17
Қараулар: 4
САЛТАНАТТЫ ШАРА МЕН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

САЛТАНАТТЫ ШАРА МЕН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Бүгін Сырым ауданында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Асланбек Сарқұлов бірқатар азаматшаға аудан әкімінің алғыс хатын тапсырды.

Ресми шара аудан көркемөнерпаздарының «Ана – барлық өмірдің бастауы!» атты мерекелік концертімен жалғасты.

Айта кетейік, Сырым ауданы тұрғындарының 52 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Мемлекеттік қызметкерлердің де 40 пайызы  – әйелдер. 25 азаматша әртүрлі салада басшылық қызмет атқарса, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік құрылымдарында 298 әйел адам жетекшілік міндетті абыроймен алып жүр. Білім беру саласында 534, ал денсаулық сақтау саласында 259 әйел жұмыс істейді. Аудан әйелдерінің 452-сі «Алтын алқа», ал 680-і «Күміс алқа» иегері.

 

Бауыржан Ширмединұлы

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар