11.03.2019, 10:40
Қараулар: 440
Ардагер аналарға құрмет

Ардагер аналарға құрмет

8 наурыз Халықаралық  әйелдер күні мерекесі алды «Сырым елі» қоғамдық-саяси газеті  редакциясында ұзақ  жылдар қызмет атқарған ардагер аналарды төл мерекелерімен құттықтау мақсатында газеттің бас редакторы Бауыржан Ширмединұлы  ардагерлердің шаңырақтарында болды.

Жылы  шұрайлы жүздесу сәтінде аудандық газет редакциясының қарбаласқа толы  сәттері  жөнінде  естелік  әңгімелер, оқиғалар сөз болды. Бұл жөнінде толғамды  ой-пікірлерін ортаға салған 90 жасқа толғалы отырған ардагер әже Файруза Закированың әңгімелері әсерлі болса, ардагерлер, зейнеткер аналар Дана Қыдырғалиева, Ботагөз Нұғыманова газет саласында  атқарған жылдарынан әдемі естеліктерін айтты.

Ардагер аналарды төл мерекелерімен құттықтап, құттықтау хат, сыйлық тапсырған газеттің бас редакторы  Бауыржан Ширмединұлы аналарға бақытты ғұмыр, отбасылық қуаныштар тілеп, жылы пікірлерін арнаса, аудандық саз мектебінің ұстазы Дархан Қажығалиев домбырамен  бірнеше ән, термелер орындады.

Өздеріне көрсетілген құрмет үшін ардагер аналар редакция ұжымына алғыс сезімдерін білдірді.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар