12.03.2019, 19:15
Қараулар: 5
Жеңгелер мен қайынсіңлілер сайысты

Жеңгелер мен қайынсіңлілер сайысты

Қосарал ауылында  «Сырлас жеңге, сұлу қыз» атты  жеңгелер  мен қайынсіңлілердің байқауы өтті.

Сайыста арулар жеңгелерімен «Сәлем – сөздің анасы» бөлімінде өздерін таныстырып, «Өнерлінің өрісі кең» бөлімінде өнерлерін ортаға салды.   «Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады» бөлімінде қазақтың салт-дәстүріне қатысты сұрақтарға жауап берсе, «Шебердің қолы ортақ» бөлімінде  қолөнер бұйымын жасаудан жарысты.


Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, 1-орынды жеңгесі Гүлфия Хасанова  мен Төкеш Дильназ бойжеткен, 2-орынды жеңгесі  Жұлдыз Бұйрабасова мен Айназ Өсербай есімді ару, ал 3-орынды жеңгесі Маржан Халит пен қайынсіңлісі Гүлназ Халит еншіледі.


Аталған шараға демеушілік көрсеткен ауыл әкімдігі, мәдениет үйі және  Сырым орта мектебі қолдау көрсетіп, демеушілік етті.

Гаухар Құлсарықызы,

 Жетікөл ауылдық округі бойыша жастар комитетінің төрайымы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар