14.03.2019, 16:37
Қараулар: 2
Аудандық ауруханада Көрісу айты тойланды

Аудандық ауруханада Көрісу айты тойланды

Бүгін таңертең сағат сегізде жұмыс уақыты басталысымен, аудандық орталық ауруханада келген  емделушілерге және аурухананың  бөлімдерінде емделіп жатқан науқастарға  14 наурыз – Көрісу айтына орай бауырсақ пен көже таратылды.

Дәрігерлер мен медбикелер  ақ халаттың орнына ұлттық қамзол киіп,  мерекелік көңіл-күйді еселей түсті. Мейірбикелік күтім бөлімінде  емделіп жатқан қарияларға арнайы дастарқан жайылды.  Аудандық аурухана директоры Роза Тахамбетова  науқастарды көрісу күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Қариялар құран бағыштап, дұға оқып, бата берді. Емхана бөліміне келгендер де  көже мен бауырсақтан ауыз тиіп,  Көрісу айты  – амал мерекесінің шарапатын сезінді.

Мұндай  үрдіс аудандық ауруханада жаы сайын жалғасын тауып келеді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар