15.03.2019, 8:31
Қараулар: 433
 » 
АТ СПОРТЫНАН АЙМАҚТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

АТ СПОРТЫНАН АЙМАҚТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Кеше Сырым ауданында Амал мерекесіне орай»Ұлы дала дүбірі» атты ат спортының түрлерiнен аймақтық жарыс өтті.

 

Жарыстың салтанатты ашылуына Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, Сырым ауданының құрметті азаматы, кәсіпкер Құсайын Бақтияров, ауыл ақсақалы Сүйінғали Дауылов қатысты.

Айта кетейік, осыған дейін ауданның орталығы мен барлық ауылдық округтерінде «Қайсар’ спорт клубы және Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тай жарыстары өткен болатын. Кешегі шараны сол шаралардың қорытындысы деуге болады.

6 шақырымға созылған тайлар бәйгесінде  өлеңтілік Қоңдыкер Елеуовтің «Тасқын» атты тайы бірінші келді.

Ал аударыспақтан Қуанғали Қайыржанов жеңімпаз атанды.

Жарыстың қалай өткені туралы толықақпарат www.syrymeli.kz сайтында.