16.03.2019, 11:54
Қараулар: 431
Темірлан облыстық Қадыр оқуларынан бас жүлде алды

Темірлан облыстық Қадыр оқуларынан бас жүлде алды

Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған  «Қадыр оқулары-2019» байқауының  «Сөздің бәрі құдіретті» бөлімінде  Қадыр өлеңдерін жатқа оқудан  сырымдық өрен, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің  5 «б» сынып оқушысы Темірлан Маратов бас жүлдені жеңіп алды.

Облыстық байқауға барлығы 45 бала қатысса, үш бөлімінде 15 баладан бақ сынады. Темірлан сайдың тасындай іріктелген 15 баланың ішінен бас жүлдені қанжығаға байлады.

Темірлан Маратов былтыр бастауыш сыныпта  Қадырдың 70 өлеңін жаттап, мәнерлеп оқып,  аудандық байқаудан бас жүлде алса,  биыл 5 сыныпта мектепішілік байқауда 200-ге жуық, аудандық байқауда 200-дің үстінде өлеңін ақынның өлеңдерін жаттап, үздік көрінді. Ал, облыстақ байқауға Темірлан  Қадырдың 371 өлеңін  жаттап барды.  Енді республикалық байқауға 400 өлеңін жаттап бармақшы. Темірлан Қанағатұлын байқауларға дайындап жүрген ұстазы – Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Самал Батырова.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА