15-17 наурыз күні Бөрлі ауданында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қазақ күресінен 2005-2006 жылы туылған, 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында ашық облыстық турнир өтті.
Бұл жарыста Сырым ауданы командалық есеппен ІІ орынға табан тіреді. Оның ішінде тарқатып айтар болсақ, Мансур Аманқос 1 орын (18 кг), Талғат Аманқос 1 орын (24 кг), Асылхан Тургалиев 1 орын (32 кг), Қасымхан Сагидолла 3 орын (35 кг), Жасұлан Амандык, 2 орын (42 кг), Алишер Кендибаев 3 орын (46 кг), Алтынбек Ергарин 1 орын (50 кг) Алишер Бактыкожа 2 орын (55 кг), Мақсат Суйнгали 2 орынға (60 кг) ие болды.
Аудан намысын қорғап, жүлделі орын алған жас өрендердің жаттықтырушысы – Чукуров Ержан Ералыұлы.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА