19.03.2019, 16:59
Қараулар: 172
 » 
Жетпіс жылдық тарихы бар бесікке сәбиді бөледі

Жетпіс жылдық тарихы бар бесікке сәбиді бөледі

Халқымыздың əдет-ғұрып пен салт-дəстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нəрлі қайнарына айналдыру əрқайсымыздың, иісі қазақтың борышы екені ақиқат.

Кеше Қособа ауылының əкімшілігінің қолдауымен, мәдениет үйінің,  ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен  Наурыз мерекесіне арналған шара өтті.  Шараға қатысушылар жеребе суыру арқылы қазақтың салт-дәстүрлерін  көрсетті. Ауылымыздағы ең үлкен əулеттердің бірі Жаймановтар шаңырағының мерекеге тартуы –  «Бесікке салу» қойылымын халық  жылы қабылдады . Бұл рәсімде  Жаймановтар әулетінің  жапырағын жайған бәйтерегі  Жайман атаның  өз қолымен жасаған, немере, шөбере,  неменелері жатқан 70 жылдық тарихы бар бесік пен шүмек қолданылды. Сонымен қатар əжелеріміз шашу шашып, жас келіндері, немере-шөпшек, жиендері сахна төрінде əн-биден өнерлерін көрсетіп, слайд арқылы əулеттің шежіре-тарихын назарға ұсынды.

Наурыз көжеден дəм татылып, арқан тарту, асық ату ойындары да ойнатылып, ауыл жұртшылығы қызыққа бір кенелді.

Шара соңында ауыл əкімі Ж.Сатаев ауыл жұртшылығы атынан Жаймановтар әулетіне алығысын бідіріп, халықты  Нрауыз мерекесімен құттықтады.  Әлі де жалғасын табатын Наурыз тойының  келесі бөлімдерінде  Андировтар, Мұқановтар, Төлеуішовтар   отбасы үлес қосатын болады.

Динара Бекчурина,

Сырым ауданы,

 Қособа ауылы