20.03.2019, 16:30
Қараулар: 14
ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Сырым аудандық полиция бөлімінің ұжымы Наурыз мерекесін тойлады. Шараның алдында аудандық полиция бөлімінің бастығы Бақтығали Қожахметов әріптестерін мейраммен құттықтады.

Ұлттық той ең әуелі ұлттық ойындардан басталды. Полицейлер арқан тартысып, кір тасын көтеріп, қол күрестіріп, кейін асық атты. Сайыстарға белсенді қатысқан учаскелік полиция инспекторлары Сұлтанбек Исламғалиев, Нұрбол Қабиев, жедел кезекші Өркенғали Бердіғожиев, әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Бақытжан Қазақстанов, көлік жүргізушісі Армат Ихсанов арнайы алғыс хаттарға ие болды.

Осы күні бөлімнің ауласында қазан көтеріліп, қазақтың ұлттық тағамы – сірне пісірілді.

  • Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлттық тәрбие мен көшпенділік рух жөнінде айтқаны белгілі. Сол қасиеттер қазақ полицейінің бойында болуы тиіс. Шараның бір мақсаты осында жатыр. – дейді  Сырым аудандық полиция бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары Жанболат Мурзашев бөлімдегі Наурыз мерекесі жайлы.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ