20.03.2019, 16:40
Қараулар: 689
«Н. Назарбаев әлемге татулықтың қарудан әлді екенін дәлелдеді.»

«Н. Назарбаев әлемге татулықтың қарудан әлді екенін дәлелдеді.»

Н. Назарбаевтың өзінің Президенттік өкілеттілігін тоқтату жөніндегі кешегі мәлімдемесі бәрімізді тебірентті. 30 жылдық еңбек бір – ақ сәтте тарих болып қалды.

Біз сол тарихқа куәгерміз. Мен педагог ретіндегі қызметімді Одақ кезінде бастаған едім. Еңбегімнің ең өнімді жылдары ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың ел басқарған дәуірімен дәл келді. Сосын тебіренеміз.

Елбасы ел басқару ісін даналықпен жүргізді. Ол ел үшін ірі қадамдарды жасады. Елбасының Президент ретіндегі соңғы шешімінің арғы жағында даналық, мемлекет тағдырына деген жанашырлық тұр. Ол елдіктің жолында жанкештіліктің небір үлгісін көрсетті. Соны қайталау – кейінгі басшыларға парыз. Жетістікке қарумен де, қантөгіспен де жетуге болады. Н. Назарбаев әлемге татулықтың қарудан әлді екенін дәлелдеді.

Тұңғыш Президент антына адал болды. Өзі айтқандай, Алаш баласының алдындағы антты орындау үшін денсаулығы мен уақытын берді. Ел болғасын әр түрлі пікір болады. Бірақ, оппозициялық көзқарастағы адамдардың өздері іштей Н. Назарбаевтың еңбегіне риза қайраткерлігін мойындайды деп ойлаймын.

Гүлбақша ЕРҒАЛИЕВА,

ардагер ұстаз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар