23.03.2019, 12:55
Қараулар: 8
СЫРЫМ АУДАНЫНДА НАУРЫЗ ТОЙЫ ЕРЕКШЕ ЕКПІНМЕН ТОЙЛАНУДА

СЫРЫМ АУДАНЫНДА НАУРЫЗ ТОЙЫ ЕРЕКШЕ ЕКПІНМЕН ТОЙЛАНУДА

Сырымдықтар Наурыз тойын ерекше екпінмен тойлауда. Осыған дейін ауданға қарасты ауылдар мен Жымпитының басты көшелеріндегі той кеше аудан орталығында жалғасты.


Орталық алаңға тігілген қазақ үйлері Наурыз тойына нышан беріп тұрды. «Ана мен бала» үйіне кіргендер төрден дәм татып, сонымен бірге аудандағы көпбалалы жанұялардың шежірелерімен, ана мен балаға арналған үкімет бағдарламалармен таныса алды.

«Өнер» отауында аудандық саз мектебінің оқушылары сары даланың серілері Мұхит, Ғарифолла мен Амангелділердің әндері қайта әуелетіп жатты. Аудандық музейдегі ерекше жәдігерлер кеше «Батырлар» киіз үйінінің ішіндегі көрмеге қойылды. «Табиғат» үйінде Сырым ауданының ерекше табиғатының фотокөрмесі таныстырылды.

Ал «Жастар» ауылында «Сырым елі» қоғамдық – саяси газетінің штаттан тыс тілшісі, фотограф Ақеділ Нұрмашевтің авторлық фотосуреттері және «Жастар жылы» аясында Сырым ауданында атқарылған шаралардың көрмесі келушілердің назарына ұсынылды. Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева және ауданның биі Сыдық Тәжмұхан барлық шаңырақта болып, үйлердің үлкендеріне сәлем беріп шықты.


«Бақ берекем, құт берекем – әз Наурыз!» атты мерекелік шараның басында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен ресми түрде құттықтады.


Күн ауғанша аудан жастары тойды қыздырып, ұлттық ойындар ойнады. Тойға келген қауымға Наурыз көже мен ыстық ас тегін таратылды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар