23.03.2019, 13:07
Қараулар: 441
ӨЛЕҢТІДЕГІ ӨНЕГЕЛІ ТОЙ

ӨЛЕҢТІДЕГІ ӨНЕГЕЛІ ТОЙ

Өлеңті ауылындағы Наурыз тойы биыл да береке мен мерекенің көрінісіндей болып, ұлттық өрнегі мен өнегесінен ажырамаған күйде өтті.
Ауыл тұрндарын Наурыз мерекесімен Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов құттықтады.

Кейін көрермендер Ж. Досмұхамедов атындағы орта мектеп – балабақша кешенінің ұстаздары мен оқушылары дайындаған мерекелік шараны тамашалады.


Той үшін тігілген киіз үйде ауылдың жастары үлкендер мен меймандарға арнап ас берді. Тойға келген халыққа ауыл мектебі мен аудандық педагогикалық – психологиялық түзеу кабинетінің ұжымы Наурыз көже мен ыстық асты тегін таратты. Жастардың атынан атынан ауылдың 50 баласына тәтті үлестірілді. Осы жерде Өлеңтідегі Наурыз тойына демеуші болғандардың қатарында облыстық мәслихат депутаты, «Жібек жолы» шаруа қожалығының жетекшісі Ғанимат Нұрмұхановтың бар екенін айта кетейік.
Ұлттық мейрамның құрметіне өткен ұлттық ойындар тойдың қызығын кешке дейін созды. Түске жақын басталған қол күресі, кір тасын көтеру, аударыспақ, арқан тартыс және қой көтеру сайыстарына ауылдың жасы да, жасамысы да белсене атсалысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Қайсар» спорт клубының дипломдары мен ауыл азаматтарының қаржылай жүлделері тапсырылды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар