23.03.2019, 15:45
Қараулар: 460
АУДАН ӘКІМІ БАЛАЛАРҒА НАУРЫЗ ТОЙЫН ЖАСАДЫ

АУДАН ӘКІМІ БАЛАЛАРҒА НАУРЫЗ ТОЙЫН ЖАСАДЫ

Сырым ауданында аудан әкімінің балаларға арналған дәстүрлі Наурыз тойы өтті.

Мерекелік шараға Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысты.


Балаларды Наурыз мейрамымен құттықтаған аудан басшысы сөзінде, бүгінгі бүлдіршіннің ертең – ақ елдің адамына айналатынын, сондықтан жас қазақстандық үшін білім игеру мен өнер үйренудің маңызды екенін айтты.

Сырым аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлдана Шайхиеваның айтуынша, әкімнің Наурыз тойына барлық білім беру ұйымдарынан 80 оқушы қатысқан. Олардың арасында көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардың балалары, патронаттық тәрбиедегі, ерекше жағдайды қажет ететін, дарынды және бұрын – соңды қоғамдық шараларға тартылмаған оқушылар бар. Наурыз тойына келген әрбір балаға Сырым ауданының әкімінің атынан тәттілер сөмкесі мен жеңіл күртеше сыйлыққа берілді.


Айта кетейік, аудан әкімінің балаларға арналған Наурыз тойы Сырым ауданында осымен үшінші жыл қатарынан өтуде. Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы «Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні!» атты биылғы бағдарламаның мазмұнды болуына, бастысы ұлттық нақышты ұстануға барынша күш салыпты. Ұлттық ойындар, Наурыз айтыс, қазақ ертегілерінің кейіпкерлері және ұлттық дастархан балалардың көңілінен шықты.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар