23.03.2019, 16:23
Қараулар: 730
 » 
Қособада дүбірлі өткен той-думан

Қособада дүбірлі өткен той-думан

Қособа ауылында Ұлыстың ұлы күні ұлттық мерекемізге байланысты дүбірлі той өтті.

 

Ауыл əкімі Ж.Сатаев пен аудандық мәслихат депутаты Ж.Шапешов ауыл жұртшылығын Наурыз мерекесімен құттықтап, әр әулетке мерекелік марапаттауларын табыстады.

Мерекелік бағдарламада мекеме ұйымдарының ұйымдастыруымен түрлі ұлттардың ұлттық тағам дастарханы жайылып, жиылған жұрт одан дәм татты. Әнші — бишілердің өнері тамашаланды. Жігітте де жігіт бар дегендей, ұлттық — спорт ойындары — аударыспақ, арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күресіндегі жігіттеріміздің өнерлері бір — бірінен асып түсіп, көпшілікті қуанышқа бөледі. Командаларға демеушілердің ақшалай сыйлықтары табыс етілді. Айта кету керек, ауылымыздың тумасы, туған жер перзенті, Алматы қаласының тұрғыны Темірғали Бисенов  мəдениет үйіне қонақ кəде ретінде көрімдігін ақшалай ұсынды. Ауылымыздың азаматтары да демеушілік білдіріп, ауылға деген ыстық ықыласын  жеткізді. Мерекеден ауыл жұртшылығы көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Динара Бекчурина, 

Қособа ауылы