Ұлыстың ұлы күніне орай ауылымызда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар оздырылды.
Биылғы жастар жылында ауыл жастарының дүбірлі өткен бұл шараға зор үлес қосты. 1978,1985, 1998-жылғылардың демеушілігімен түрлі спорттық ойындар өтті.
Гір тасын көтеру бойынша 1-орын Шынтас Асқар мен Асылбек Əлихановқа бұйырса, арқан тартыста 1-орынды 1987-жылғы ауыл азаматтары иеленді. Қол күресінен 1-орын Ш.Асқар, 2-орын Д. Шынгалиев, 3-орын Ө. Халилулинге тиесілі болды. Қазақ күресінен ардагерлер арасында 1-орын Ж. Бисалиев, 2-орын А. Балғайшиев, 3-орын Ж. Удриевке тиді. Жастар арасындағы қазақ күресінен 1-орынды Н. Сүюншалиев, 2-орынды Ғ.Халит, 3-орынды Т. Қауысов иеленді.
1981-жылғылардың демеушілігімен садақ ату мен теңге алу бойынша 1-орынды Ғ. Героев қанжығасына байлады.
1993-жылғы ауыл азаматтары құнан жарысы мен тай жарысына өз демеушіліктерін көрсетті.
Тай жарысы бойынша 1-орынды Нұртас Оразгалиевтің Сұлтан атты сәйгүлiгi иеленсе, екінші болып, Еркебұлан Саясаттың Тайбурылы келді. 3-орын Айтөбелмен шапқан Ермахан Ерсайынға бұйырды.
Құнан бəйгеде де Н. Оразгалиевтің Мақпалқарасы оқ бойы оза шауып бipiншi келдi. Жүлделi 2-орынды Сұңқарымен сайысқа түскен Е. Утеев алса, 3-орынды Жиренқасқасымен желдей ескен А. Елеусiн иелендi.
Ауылымыздағы Наурыз тойы дала қызықтарымен қорытындыланды.
Гаухар Сахан,
Қосарал ауылы