24.03.2019, 22:09
Қараулар: 16
СЫРЫМ АУДАНЫНДА АШЫҚ ӘКІМДІК ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

СЫРЫМ АУДАНЫНДА АШЫҚ ӘКІМДІК ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Сырым ауданында ашық əкімдік шарасы басталды. Аудан əкімі және екі орынбасары барлық ауылдық округ орталықтарында, елді — мекендерде тұрғындар үшін қабылдаулар өткізіп, оған бөлім басшылары мен жұмыспен қамту орталығының мамандары бірге қатысуда.

Кеше Сырым ауданының əкімі Төлеген Төреғалиев Бұлдырты, Жосалы ауылдық округтері мен Көгеріс ауылында болып, тұрғындарды жеке мəселері бойынша қабылдады. Аудан әкімі қабылдау өткізген 3 ауылда 70 — ке жуық тұрғынның мәселесі тыңдалды.

Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиевтің бізге берген мәліметіне сүйенсек, халық негізінен жұмыссыздық, атаулы əлеуметтік көмекті алу жолдары, тұрғын үй, жол, ауыз су мəселелерін көтеруде.

Төлеген Төреғалиев округтердегі жұмыс сапары барысында апатты деп танылған үйлердің жағдайымен танысты.

Осы күні «Ашық әкімдік» шарасы аясында Сырым ауданы әкімінің орынбасарлары Асланбек Сарқұлов Шолақаңқаты, Алғабас ауылдық округінде, ал Ерболат Ахметов Талдыбұлақ, Елтай ауылдық округтерінде болды.

Шара 26 наурызға дейін жалғасады

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар