26.03.2019, 10:54
Қараулар: 445
СЫРЫМДЫҚ ӘНШІЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

СЫРЫМДЫҚ ӘНШІЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Сырым аудандық балалар саз мектебінің оқушысы Ерасыл Өміржан Алматы қаласында өткен «Ұлы дала ұрпағымыз!» атты ІІ Халықаралық балалар мен жастар байқауында «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша бас жүлде алды, деп хабарлайды аудандық саз мектебінің директоры Бекей Қанатов.
Ерасыл бүгінгі күні жоғарыда аталған мектептің «Дәстүрлі ән» сыныбында оқып жүр. Ұстазы Дархан Қажығалиевтің айтуынша, ол кешегі байқауда Ғ. Құрманғалиевтің «Оралым!» әнін орындаған. Елімізге белгілі музыка мамандары Ерасылды дәстүрлі Батыс ән мектебінің болашақ өкілі деп бағалаған.

«Қазақстан Таланттары» өнер – білім дамыту шығармашылық орталығы ұйымдастырған осы халықаралық байқауда сырымдық «Болашақ» триосы да сәтті өнер көрсетіп, «Вокал» жанры бойынша жеңімпаз атанды. Аудандық «Демалыс орталығы» жанындағы «Қанаттан!» ән үйірмесінің оқушылары Ақбота Бақтығалиева, Гүлназым Ерболатова және Аружан Елеуғалиева бұған дейін де республикалық деңгейдегі сайыстың жеңімпазы болған еді. Жас әншілерге Еркегүл Өтенғалиева тәлім береді.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар