27.03.2019, 15:10
Қараулар: 203
Адвокаттық қызмет және заң көмегі

Адвокаттық қызмет және заң көмегі

2018 жылдың 5 шілдесінде Елбасы Н.Назарбаев «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

Аталған заңдар азаматтардың білікті заң көмегін алу кезіндегі конституциялық құқығын іске асыруда олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды нығайтуға, сондай-ақ білікті заң көмегін көрсету механизмдерін жетілдіруге бағытталған.

Адвокатураның сапалы құрамын жақсарту мақсатында Заң нормаларымен адвокаттардың жыл сайын біліктілігін міндетті арттыру механизмі көзделген, бұл нәтижесінде адвокатпен көрсетілетін қызметтердің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға себеп болады.

Адвокат мамандығына қол жетімділігін, тиісінше адвокаттар арасындағы бәсекенің көтерілуін және адвокаттардың қатарына жас заңгерлердің қосылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бастапқы нысаналы жарна түріндегі мүліктік кедергіні алып тастау көзделді.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 32 бабының 1 тармағына сәйкес (бұдан әрі — Заң),  жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады.

Заңның  41 бабының 1 тармағында адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия адвокаттық қызметпен айналысуға берілген рұқсат болып табылады және оны үміткер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және шарттарда тағылымдамадан және аттестаттаудан өткеннен кейін лицензиар береді делінген.

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзудің тәртібі мен мерзімдеріне тоқталсақ,  Әдiлет департаментімен «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу» мемлекеттiк қызметі  электронды түрде көрсетіледi.

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткерлер «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы  сұраумен бірге әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесін жібереді.

Қызметтердің көрсету мерзiмдерi: аттестаттауға жіберуден бас тарту не аттестаттауға жіберу туралы шешім шығарылған жағдайда – күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей;      аттестаттау өткізген кезде – бес жұмыс күні; аттестаттау не аттестаттамау туралы комиссия шешім шығарған кезде – аттестаттау жүргізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Аталған мәліметтерді алу үшін Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаментіне  51-52-76 телефон нөмірі бойынша байланыса аласыздар.

 

 

Сырым аудандық Әділет басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар