28.03.2019, 11:45
Қараулар: 466
ҰБТ-НЫҢ АҚЫЛЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ҰБТ-НЫҢ АҚЫЛЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Бүгін Сырым ауданындағы «Ұлттық тестілеу орталығы» БҚО Жымпиты ауылындағы филиалында 11 сынып оқушылары үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің ақылы кезеңі басталды. Тестілеу алдында мемлекеттік комиссия мүшелерінің қатысуымен тест тапсырмаларының қапшығы ашылды.

Филиалдың директоры Тілек Есенғалиевтің айтуынша, ақылы кезеңге қатысуға 125 оқушы өтініш білдіріпті.

Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне енген соңғы өзгерістерге байланысты мектеп бітірушілер биылдан бастап тестілеу үш кезеңіне қатыса алады. Бұл өзгеріс түлектердің мамандық таңдау мүмкіндігін арттырмақ. Мемлекет грантқа үміткерлер үшін тестілеу маусым айында өтеді.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ