2.04.2019, 20:06
Қараулар: 493
Жымпитыда «Нән кебаб» ашылды

Жымпитыда «Нән кебаб» ашылды

Наурыздың ең соңғы күні Жымпиты ауылында «Эверест» супермаркетінің ішінен «Нән кебаб» дәмханасы ашылды. 

Ашылған күні келушілерге тегін донер, суши,  пицца таратылды. Бүгінде  «Эвересттің» иесі Мэлс Сапаров супермаркеттен бөлек  «Нән кебабта» суши дайындайтын бір адам, донер дайындайтын бір адам, пицца пісіретін бір адамға жұмыс беріп отыр.

Мәзірде  эби темпура, унаги темпура, филадельфия, нори сушилары, ет қосылған пицца, маргарита пиццасы, фри,  нән донер, сусындар, торт, шай, кофе бар.  Халал «Нән кебаб» 25 орынға арналған.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар