4.04.2019, 11:30
Қараулар: 680
Бауыржан республикалық айтыстан ІІ орын алды!

Бауыржан республикалық айтыстан ІІ орын алды!

Жамбыл облысы, Тараз қаласында өткен «Жамбыл менің жай атым, Халық менің шын атым!» атты республикалық айтыста жерлесіміз, ақын, Халықаралық жыршы-термешілер одағының мүшесі,  «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Бауыржан Ширмединұлы  жүлделі екінші орын алды.

Бауыржан ақын  бірінші бөлімде Қайнар Алагөзовпен сөз қағыстырып, екеуінің ұпайлары тең түсті. Финалда Шұғайып Сезімхан айтысты. Қазылар алқасының ұйғарымымен бас жүлде Қанат Мырзаханға бұйырды.  1 орынға Дидар Қамиев ие болды. Айбек Қалиев, Бауыржан Ширмединұлы, Шұғайып Сезімхан екінші орынға тұрақтады. Үшінші орыннан бес ақын – Асхат Қылышбек, Қажымұқан Абзалов,  Нұрлан Есенқұлов,  Мұхтар Ниязов көрінді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар