4.04.2019, 16:49
Қараулар: 153
Әлеуметтік желінің жілігін шағуды үйренді

Әлеуметтік желінің жілігін шағуды үйренді

«Жайық Пресс» медиахолдингінде  журналистерге арналған «SMM жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары» атты медиатренинг өтті.

Бір күндік курсқа барлық аудандардың әлеуметтік желі жұмысымен айналысатын тілшілері  қатысты.

Оларға саясаттанушы, медиа саласында өзіндік қолтаңбасы  бар   Ерлан Мәжікт дәріс оқыды. Әлеуметтік желінің тілі, оның  беделін арттыру, жұмысын жандандыру,  парақшаға қызықты жазбалар салу, тіркелушілердің санын көбейту үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер түсіндірді.

 

 

 

 

Медиатренинг соңында «Жайық Пресс» медиахолдингінің  бвас директоры Рауан Сәбитов тілшілерге сертификаттар табыс етілді.

Шынар Молданиязова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар