5.04.2019, 18:10
Қараулар: 8
Азаматтарды жол бойында қабылдады

Азаматтарды жол бойында қабылдады

Аудандық  полиция бөлімінің ұйымдастыруымен 5-6 сәуір күндері  «Азаматтарды жолда қабылдау акциясы» өтті.

Акция барысында жолда өтіп бара жатқан халықты Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Жанболат Мурзашев, көші-қон  қызметі тобының аға инспекторы, полиция майоры Роза Жұмағамбетова, әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Бақытжан Казахстанов қабылдады. Тұрғындарға, жолаушыларға ішкі істер органдары  көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды  қысқарту бойынша  қабылданып жатқан шараларды түсіндіріп, электронды үкімет порталы арқылы  мемлекеттік қызметтерді алудың тиімділігі туралы айтты. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану  тәртібі туралы түсінік берді.

–  Азаматтардың өтініштеріне көңіл бөлініп, талданып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасының сақталуы, автокөлікті тіркеу жүргізу куәліктерін беру, төлқұжаттар мен жеке куәліктерін тексеріп, жол жүрісін ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, әкімшілік құқық бұзушылардың айыппұл төлеуіне жеңілдік берілетіні туралы халықты хабардар еттік. Жол полициясы патрульдерінің заңсыз әрекеттері бойынша шағымы бар азаматтар Ішкі істер Министрлігінің блогына шағым жазуына немесе әлеуметтік желілерде бөлісуіне болатынын түсіндірдік. Осыған орай жол бойында азаматтарды қабылдап, түсінік жұмыстарын жүргіздік, — дейді Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Жанболат Мурзашев.

 

Қабылдауда аудан тұрғындарымен қатар, Орал-Ақтөбе маршрутты автобусының жүргізушісі мен жолаушылары, алысқа жолдарға қатынайтын жүк көліктерінің жүргізушілері, жолаушылар болып, кеңес алды.

Акция шеңберінде сондай-ақ, телефон қоңыраулары, әлеуметтік желілерде онлайн-қатынас арқылы жедел желі өткізілді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар