8.04.2019, 12:12
Қараулар: 511
Волейболдан жастар лигасы басталды

Волейболдан жастар лигасы басталды

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен  жастар арасында алғаш рет «LIGA JASTAR» атты волейбол  лигасы басталды.

Бір ай көлемінде өтетін жарысқа ауылдық округтерден және аудан орталығынан барлығы он команда қатысып жатыр. Атап айтсақ, олар – «Абай», «Бұлдырты», «Аралтөбе», «Жамбыл»,  «Жосалы»,  «Қособа»,  «Оқушылар», «Айбын»,  «Райцентр» командалары.

Волейбол лигасының салтанатты ашылу рәсімі өтіп,  аудан әкімінң орынбасары Асланбек Сарқұлов, ардагер спортшы  Ғилаж Қаналиев қатысып, байрақты бәсекеге қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ойындар әп дегеннен тартысты  басталып, командалар жарысқа деген тыңғылықты дайындықтарын көрсетуде.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар