9.04.2019, 10:59
Қараулар: 186
 » 
Қосаралда фитнес-клуб ашылды

Қосаралда фитнес-клуб ашылды

Қосарал ауылдық  мәдениет үйінің меңгерушісі Жәкен Ершманқызының бастамасымен ауылымыздың 20 мен 50 жастан жоғарылар аралығындағы 
қыз-келіншектерінің сұрауымен тегін фитнес-клубы ашылды.

Залда жаттығулар аптасына үш рет, яғни айына 12 мәрте өтеді.
Жағымды әуен ырғағымен дене қыздыру жаттығуларымен
басталып, қолда бар спорттық құралдарымен шұғылданады.

Фитнес-клубы жас ерекшелігіне қарай, белгілі уақыт аралығында жұмыс жасайды.50-ден  асқан әйел адамдарға буындардың мобильдігіне арналған аэробика элементтерімен сауықтыру шаралары, сондай-ақ, дұрыс тыныс алу үшін йога жиынтықтары қамтылған. Клуб белсенділері 2 аптада бір мәрте шығыс билеріне бару мүмкіндігіне ие бола алады. Клуб мүшелерінің бірі, үнемі тың идеялардың жаршысы болып жүретін ауыл азаматшасы Бибігүл Байғалиқызы, алдағы уақытта қажетті құралдармен қамтып, мүмкіндігінше клуб жұмысын жандандыруға жанашырлық танытуда.


Баламен үйде отырған жас аналардың дене бітіміне сымбаттылық, үнемі компьютерде тапжылмай отыратын іскер әйелдердің бос
уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмірді ұстануына көп көмегін тигізетін фитнез-клубтың алда жоспарлары бар.

Айман Жұбанова,

қоғамдық тілші,

 Қосарал ауылы