Үлгілі «Аружан» би ансамблі Ақтөбе қаласында өткен І Халықаралық «Таланттар әлемі» атты шығармашылық байқау-фестивалінен «Хореография» номинациясы бойынша І дәрежелі лауреат атанып қайтты.
Би ансамблінің жетекшісі – Сарғозиева Айнагүл Отарбайқызы. Жас өнерпаздар халықаралық байқауда «Цвет настроения – желтый» заманауи би композициясын орындады.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА