9.04.2019, 15:45
Қараулар: 9
Президент сайлауы біздің елдің бірлігін сынға салады

Президент сайлауы біздің елдің бірлігін сынға салады

Мүсірбек АЙТАШЕВ,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Сырым елі» қоғамдық – саяси газетінің жауапты хатшысы:

«Қоғамның өкілі ретінде, әлемдегі түрлі оқиғаларды көріп, олардың түпкі себебін ойша тарқатып отырамыз. Бізге түсінікті жалғыз нәрсе – пікірлер қайшылығы көп жағдайда саяси шиеленістерді туындатады. Саяси шиеленістер білдей мемлекеттердің тамырын босатып жіберуге қауқарлы. Ол тарихта талай рет дәлелденді.

Мемлекеттің басты байлығы – халық. Адамның басты байлығы – бірлігі. ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев өзінің үндеуінде, халқымыздың біртұтас екенін, бірліктің мығымдығын Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде бағалайтын айтты. Алдағы Президент сайлауы да біздің елдің бірлігін сынға салады. Сынға сынбау – парыз!

Елдегі келісімді сақтау және саяси жолда ілгерілеу үшін айқындықтың керек екені айтпаса да түсінікті. Біздің бағыт – айқын. Ол бағыт — Тәуелсіздік майданының киелі күрескерлері —  батыр бабаларымыздың арманы мен Елбасы Н. Назарбаевтың іскерлігі тоғысқан бағыт. Сол бағытта қазақстандықтар бірге жүруі керек.

Сайлау қазақ елі үшін тағдырлы шешім. Себебі, ел деген ұлы ұғымның астында тұтас жанұялар мен жеке адамдардың тағдыры жатыр. сондықтан, әркімнің дауысы маңызды!

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар