9.04.2019, 17:12
Қараулар: 445
ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Талдықорған қаласында қол күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында бұлдыртылық Ерсұлтан Талғатов 70 келі салмақта қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Ерлан Мақашев.

Бұлдырты орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ерсұлтан Талғатов бүгінгі күні Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Бұлдырты ауылындағы қол күресі үйірмесінде жаттығып жүр. Үйірмеге мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Төлеген Құрашев жетекшілік етеді.

Ерсұлтан республика чемпионатынан кейін армрестлингтен спорт шеберлігіне үміткер атанды.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар