10.04.2019, 10:19
Қараулар: 6
Адамдар құтқарылды

Адамдар құтқарылды

Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі аудандық әкім аппаратымен бірлесіп, екі күн бойы  толассыз жауған жаңбыр  салдарынан көмекке мұқтаж болған 38 адамға шұғыл түрде  жәрдем етілді.

Атап айтқанда, 3 сәуір күні Ақсай-Жымпиты тас жолының Талдыбұлақ  пен Аралтөбе ауылдарының шекарасында Талдыбұлақ ауылынан садақадан шыққан 7 жеңіл автөкөлік жолдың балшық, батпақты  болуы салдарынан тұрып қалып, 36 адам Талдыбұлақ ауылдық округ әкім аппараты мен төтенше жағдайлар бөлімінің автокөліктерімен Жымпиты ауылына жекізілді. Әсіресе, Талдыбұлақ округінің әкімі Мұхамбетжанов Жанболат Мұратжанұлы және көлік жүргізушісінің еңбегін атап өткен жөн.

Сондай-ақ,  4 сәуір күні Қособа ауылдық округінің Жаманкөл, Қамыстыкөл қыстақтарының ортасында қырға мал қосамын деп шығып, далада адасып кеткен 2 адам түнде  аман-есен табылып, Жымпиты ауылындағы отбасына қосылды.

Ерген Тасқалиев,

Сырым ауданының ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны