10.04.2019, 10:36
Қараулар: 188
Төлес халықаралық байқауда І орын алды

Төлес халықаралық байқауда І орын алды

Ақтөбе қаласында өткен Халықаралық «Таланттар әлемі» атты байқау-фестивалінде  Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы ортағының тәрбиеленушісі, жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы  орта мектептің   оқушысы Төлес Төлегенов  мәнерлеп оқу бөлімі бойынша І орынды жеңіп алды. 

Төлес байқау сахнасында Махамбеттің бейнесінде шығып,  «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі» өлеңін оқыды.

Төлес Төлегеновтың байқауға дайындаған ұстазы – «Жас ақындар» үйірмесінің жетекшісі Мейрбек Жампозов.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар