10.04.2019, 17:12
Қараулар: 693
Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал

Аудан  бойынша 2018 жылы жұқпалы және паразитарлы аурулармен тұрақты эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Топтасқан аурулар жағдайлары тіркелген жоқ.15 турлі жұқпалы және паразитарлы аурулардың төмендеуіне қол жеткізілді (жел шешек 35,5%, көкжөтел 2 жағдайға, алғаш рет анықталған вирусты гепатит С түрі 3 оқиға, энтеробиоз 50% ,эхинококкоз жұқпасы 50%  төмендеді). Сонымен қатар ағымдағы жылы ауданда туберкулез ауруы 42,8% , жіті вирусты гепатиттің В түрі 3 оқиғаға  жоғарылап отыр. Жіті ішек жұқпаларымен аурушаңдылық салыстырмалы түрде тұрақты, былтырғы деңгейде,дизентерия 1 оқиға тіркелді.

Ауданда  екпеден бас тартушылардың тіркелуі өзекті мәселе.

Қазіргі таңда ауданда 92 ата-ана әртүрлі себептермен профилактикалық екпелерден бас тартты. Жымпиты ауылынан  62,Бұлдырты ауылынан  30 екпеден бас тартушылар тіркелді.  Екпеден бас тартушылардың негізгі себебі: 93% діни сенімдермен  және 6,5% жеке көзқараспен  байланысты  болып отыр.

2018 жылы  Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп орталықтандырылмаған ауыз су нысандарын бақылауға алу үшін ауқымды жұмыс жүргізілді.  Аудан бойынша елді мекендердегі барлық иесіз қоғамдық құдықтар жергілікті коммуналдық меншігіне алынып оны қаржыландыру мәселелері қаралу үшін шаралар алынуда.

Тағам өнімдеріне қауіпсіздік мониторинг жүргізу барысында сараптамаға 10 сауда нысандарынан сатып алынып, аудандық және облыстық ұлттық сараптама орталығымен 256 үлгі зерттелді. Алынған 221 (86,3%) тағам өнімдерінен және  44 үлгі (17,1%) өнеркәсіп тауарларынан жалпы 205 мың тенге мөлшерінде сатып алынды. Сараптама нәтижесінде, 256 үлгіден 9,7% (25 үлгі),  техникалық регламенттердің талаптарына сәйкессіздік анықталды. Алынған 221тағам өнімдерінен 2 (0,9%) сәйкессіздік анықталды. Сәйкессіздіктердің басым бөлігі таңбалануы бойынша. Атап айтқанда, таңбада мемлекеттік және орыс тілінде ақпарат, өнімнің атауы, құрамы, дайындалу мерзімі, сақтау мерзімі, тағамдық құндылығы, Кеден одағы мүшелер елдерінің біріңғай белгісі көрсетілмеген.

Микробиологиялық көрсеткіштерден 0,45% (1үлгі)  сәйкессіздік анықталды. Сәйкессіз тағам өнімдері аудан орталығының сату нысандарынан анықталды. Мысалы,

-«Тими» сливки-банан кофеті  «Асар»-1 дүкенінен сатып алынған. (Жеке кәсіпкер Т Мурадимова)

-Жартылай ысытылған  «Балықшы» шұжығы, турамалы коттлетер, қатты тоңазытылған туралған ет жартылай фабрикат бройлер құс етінен «Өркен» дүкенінен сатып алынған. (Жеке кәсіпкер Жаужиев Қ).

Аудан бойынша тексеріс барысында анықталған бұзушылықтар үшін 36 әкімшілік құқықбұзушылық туралы шешім шығарылып,жалпы соммасы 661425 теңге айып-пұл салынды. Анықталған кемшіліктер бойынша салынған айып-пұлдардың 25% емдеу-профилактикалық мекемелер, 72,2% балалар және жасөспірімдер мекемелері және 2,7% тағам өнімдерін сату обьектісі құрайды. Тұрғындар арасында жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша  Бұқаралық ақпарат құралдары  және БҚО ҚДС департаментінің сайты арқылы,аудандық қоғамдық денсаулық басқармасының әлеуметтік парақшалары арқылы (фейсбук, инстаграм) және тұрғындармен кездесулерде халық арасында санитарлық  ағарту жұмыстары жүргізіледі. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың профилактикасы және «Тамақтың қауіпсіздігі туралы» және «Дұрыс тамақтанудың принциптері» т.б тақырыптармен  ақпараттық парақтар дайындалып, таратылды. Мамандармен ведомствоаралық дөңгелек үстелдер,семинарлық сабақтар үнемі өткізілуде.

 

 

Ләззат Муканова,

Сырым аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы                      

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар