11.04.2019, 20:41
Қараулар: 709
«Балдәурен» байқауы өтті

«Балдәурен» байқауы өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Балдәурен-2019» балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Түске дейін өнерлі өрендер  іріктеу кезеңінде  бақтарын сынады. Түстен кейін қорытынды бөлім жалғасып, жас өнерпаздар марапатталды.

Поэзия жанры бойынша Ақбота Қайырова, жыр айту жанрынан Айзере Мереке, халықтық ән салу жанры бойынша Төлес Төлеген, домбырамен ән салудан Асхат Мадияр,  хореография жанры бойынша «Қызғалдақтар» би тобы, вокал жарны бойынша  дуэт боп ән салған  Ранида Рақымжанова мен Кәусар  Орынбай   жеңімпаз атанды.

Фестивальге қатысқан дарынды балалардың өнерін  Ғ.Құрманғалиев атындағы  облыстық филармония  әншісі Серік Абдрахманов,  облыстық халық шығармашылық орталығының бас маманы Қарлығаш Санатова, жастар шығармашылық орталығының әншісі, халықаралық, республикалық, конкурстардың лауреаты   Альберт Ғазизжанов, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаева бағалады.

Бірінші орынға ие болған дарындар облыстық «Балдәурен-2019» байқауына жолданды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА