12.06.2019, 12:24
Қараулар: 519
«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев  «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерін қабылдады. 2018-2019  оқу жылында 11 «Алтын белгі» иегерлері, 11 «Үздік аттестат» иегерлері шықты.  Аудан басшысы жас түлектерге әрдайым туған жердің абыройын асқақтатып жүріңдер деген  ақжарма тілегін білдіріп, белгілерін табыс етті.

Үздік түлектер он бір жылғы білімінің нәтижесін «Алтын белгі» өңірлерінен орын алғанда сезінді. Жас түлектердің енді арманы  — ҰБТ-дан жоғары балл жинау.

«Алтын белгіні» өңіріне таққан түлектерді атасақ, олар – Ерасыл Нағым (ЖББ Абай орта мектебі), Ақбота Джанұзақова (ЖББ Бұлдырты орта мектебі),  Ақнұр Джонысова (ЖББ Бұлдырты орта мектебі),  Айбынды  Төлеу (ЖББ Жырақұдық орта мектебі),  Аслан Нәсіпқали (ЖББ Жырақұдық орта мектебі), Ералхан Кәрім (Қособа орта мектебі), Еркебұлан Қайырғалиев (Қособа орта мектебі), Альбина Закина (Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп), Малика Ералиева (Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп),  Ақнұр Мағрашева (Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп), Нұрберген Қуандық (Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп).

Ал, «Үздік аттестатқа» ие болғандар – Дария Хамидуллина (Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп), Альбина Ергужиева (Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп),  Аружан  Кәрімова (Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп),  Нурия Камалиева (Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп),  Жұпархан Қабекен (ЖББ Бұлан орта мектебі),  Гүлден Сағидоқас (ЖББ Бұлан орта мектебі), Зарина Рысқалиева (ЖББ Бұлдырты орта мектебі), Мадина Аймұратова (Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп), Әлия Серік (Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп),  Айша Габлахова (М.Қаналиев атындағы орта мектеп), Әсемгүл Жұмашева (М.Қаналиев атындағы орта мектеп).

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА