18.06.2019, 17:39
Қараулар: 65
45 ЖЫЛДАН СОҢҒЫ КЕЗДЕСУ

45 ЖЫЛДАН СОҢҒЫ КЕЗДЕСУ

1974 жылы Қаратөбе ауданындағы  Мұхит атындағы орта мектебін 18-ге жуық оқушы бітірдік. Мектеп бітірген соң, әрқайсымыз әртарапқа аттандық, тіпті осы жылға  дейін бірімізді-біріміз көруге мұршаның да болмағандығы рас.

Сәті түсіп,  биыл мектепті бітіргенімізге  45 жыл болғанда  түлектердің  бірін-бірі көріп, кездесулеріне де мүмкіндік болды.

Өкініштісі,  осы жылдар аралығында  марқұм болғандар да болыпты.

Түлектердің кездесу кешін ұйымдастыруда  сыныптастарымыз  Берік Сатиев,  Жамал Қожаева басты тұлғалар болды.

Ақтау қаласынан Марфуға Бердіғалиева  кездесуге арнайы келсе, өзгелеріміз облысымыздың әр ауданынан жиналдық. Бәріміз бола 13 маусым күні  кешкілік қаладағы  «Юбилейный» ресторанында жиналып, кең дастархан басында  өткен-кеткенді айта, әңгіме  шерттік.

Ертеңіне  қала шетіндегі «Светлячок»  демалыс орнындағы  демалысымыз да өте әдемі өтті.

Иә, өткен шақтың бәрі ертегі сияқты.  Кездесуде басымыздан өткен қызықты шақтарды, ұстаздарымыздың дәріс берудегі сәттерін  еске түсіріп, мәре-сәре  болдық. Арамызда 45 жыл бір үйдің шаңырақ иелері, ата-әже болса да, сол кездегі ақкөңіл, қарапайым қалыптарын сақтап қалыпты. Бір саланың маман иелері  атанған  сыныптастардың алды зейнеткерлік  демалыста болса, ендігілері де осы ауылға таяу қалған.

Осындай әдемі кездесуден соң,  бәрімз де  байланыста болып,  қуанышты сәттерде қауышып тұруға  уәделесіп тарқастық.

Мүсірбек Айташев