24.06.2019, 12:27
Қараулар: 58
Этно-құндылықтар лагері

Этно-құндылықтар лагері

Сырым ауданында балалардың демалысын тиімді өткізу мақсатында Сырым аудандық жас туристер станциясы орталығының ұйымдастыруымен «Шатырлы лагерь» өз жұмысын бастады. Шатырлы форматтағы лагерь биыл ауданымызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Орталық мамандарының айтуынша, екі ауысыммен 205 баланы қамтып, оларға жазғы демалысты ашық аспан астында өткізуге мүмкіндік жасады. Салауатты өмір салтын ұстануға, балаларды тынықтырып әрі бойларын шынықтыруды, «этно-жарыс» сайысы өтті.

«Шатырлы лагерь» шарасы барысында демалушылар шапшаңдыққа, туристік бағдарлауға үйренсе, дәмі тіл үйірер тағамдар пісіріп турист-аспаз болуды, бард әндерді орындауды меңгерді.Лагерь ұлттық тәрбиеге аса көңіл бөлуде. Қыздар ұршық иіріп, жүн түтіп сайысқа түссе, жігіттер асық ату,қол күресі сынды жарыстарда бір-бірінен оза шапты. Тоғайды тазалау мақсатында «Экологиялық мәдениет – тазалық кепілі» атты экологиялық акциямен қорытындыланды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

                                                                      Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы