24.06.2019, 17:06
Қараулар: 450
Ұрлыққа тосқауылдың алғашқы қадамы — үй жануарларын бағымда ұстау

Ұрлыққа тосқауылдың алғашқы қадамы — үй жануарларын бағымда ұстау

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыты ауыл шаруашылығы алатындығын ескерсек, мал ұрлығы қылмыстарының өңірімізде азаймай, қарапайым халыққа да, аудан экономикасына да сүбелі залал келтіріп отырғандығы алаңдатуда.

Биылғы  5 айда былтырғы мерзіммен салыстырғанда аудан көлемінде мал ұрлығы қылмыстары 22%-ға, яғни 7-ден 9-ға дейін өсіп отыр. Алғабас пен Бұлдырты ауылдық округтері бойынша 3 қылмыстан, Бұлан ауылдық округі бойынша – 2, Өлеңтіде – 1 мал ұрлау фактісі тіркелген.

9 қылмыстың 8-інде ауыл шаруашылығы жануарларының еркін жайылымнан жоғалған, жылқы мен ірі қараның, олардың иелерімен жайылымда бағымсыз, тиісінше қараусыз қалуы ұры-қарыға оңай олжа болуына бірден-бір септігін тигізіп отыр.

Ұрланған мал туралы иелері дер кезінде полиция органына хабарламай, мал жоғалған соң өздері іздестіру арқылы жедел-іздестіру шараларының мерзімдерін өткізіп алуы осы санаттағы қылмыстарды уақытында ашуға кедергісін тигізуде.

Ауданымызда мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау мақстатында ең алдымен мал иелері тарапынан өз меншігіндегі үй жануарларының үнемі бағымда ұстауын қамтамасыз ету қажет. Барлық аудандағы құзырлы органдарда облысымызда жүзеге асырылып жатырған «Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасы» бағдарламасының шараларын белсенді жүргізуге аудан прокуратурасы мүдделі.

 

                                                                                                        Сырым аудандық прокуратурасы