24.06.2019, 17:43
Қараулар: 59
Соттағы ашық есік күні

Соттағы ашық есік күні

Сырым аудандық сотында  мемлекеттік қызметші күні кәсіби мерекесі қарсаңында «Ашық есік күні»  өткізілді.
Ашық есік күніне   “Құқықтану” мамандығының 1 курс студенті қатысты. Кеңсе меңгерушісі Ж-М.А.Вебер мемлекеттік қызметкердің күнделікті жұмыстарымен, олардың функционалдық міндеттерімен таныстырды. Жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру мақсатындағы шара барысында сот жүйесінің негізгі бағыттары және мемлекеттік қызметшілер этикасы жайында баяндалды. «Сот кабинеті», «Төрелік» бағдарламалары, сот процестерінде аудио-бейнежазба құрылғыларын пайдалану жайында кеңінен түсінік беріліп, сұрақтарға жауап қайтарылды.


Ашық есік күні аяқталғаннан кейін  студент іс-шараның арқасында өзінің білім қоржынына көптеген қызықты және пайдалы кеңестер алғаны үшін аудандық сотқа алғысын білдірді.

 

Жанна-Мари Вебер,

Сырым аудандық сотының кеңсе меңгерушісі