24.06.2019, 18:02
Қараулар: 67
Бишілер 77 ансамбльдің арасынан бірінші орынға ие болды

Бишілер 77 ансамбльдің арасынан бірінші орынға ие болды

Үлгілі «Аружан» би ансамблі Нұр – Сұлтан қаласында өткен «Viva Astana» халықаралық байқау – фестивалінде І орынға ие болды, деп хабарлайды. Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының басшысы Айнұр Мұхамбетжанова.

«Аружан» байқауда «Дала сазы» биімен өнер көрсетті. Белгілі хореограф Айнагүл Сарғозиеваның шәкірттерін кәсіби мамандар мен елордалық көрермен жоғары бағалаған.

Айта кетейік, «Viva Astana» халықаралық байқау – фестивалінде хореграфия аталымы бойынша еліміздің өңірлерімен қоса Ресей Федерациясы мен Қырғызстаннан келген жалпы саны 77 би ұжымы бақ сынаған. «Аружан» солардың арасынан үздік шығып отыр.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ