26.06.2019, 12:09
Қараулар: 546
Жас тілшілер «Дарында» демалуда

Жас тілшілер «Дарында» демалуда

«Дарын» қосымша білім беру орталығындағы лагерьде  85 оқушы демалып жатыр. Олардың ішінде «Өрімтал» фестивалінің жүлдегерлері, «Жас тілші» куәлігін алғандар бар.

 

Сырым ауданының жас тілшілері мен «Өрімтал» фестивалінің  қатысушылары да демалуда.  Болашақ журналистер топтың атын  «Тілшілер» деп қойыпты. Лагерьдің бұл кезеңінде  ойын-сауық шараларынан, спорттық ойындардан гөрі күн сайын республикамызға танымал ақын-жазушылармен кездесіп,  сұхбат жүргізуге басымдық берілген.

 

Танымал ақын, журналистер тілшілікке, өлең шығаруға, жазушылықпен айналысуға  балаларды қызықтырып, үйретуде.  Поэзия және прозаға, газетке  бір күн арналды. Әдеби күндер де ұйымдастырылуда. Ақын, жазушы, журналистер Мұнайдар Балмолда мен Ғайсағали Сейтақ, Жайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгереева, тағы басқалармен жүздесіп, сұхбат алып,  ашық әңгіме жүргізді.  Қонақтар жас тілшілерге кітаптарын сыйға тартты, естелік суреттерге түсті. Лагерьде ақын-жазушылармен кездесуден кейін ойын-сауыққа көңіл бөлінеді.

                                                                                                                        Шынар МОЛДАНИЯЗОВА