28.06.2019, 10:15
Қараулар: 548
Сырымдық зейнеткерлер ән байқауында жүлдегер атанды

Сырымдық зейнеткерлер ән байқауында жүлдегер атанды

Маусымның 26 жұлдызында Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ардагерлер мен зейнеткерлер арасындағы шығармашылық өнер ұжымдарының орындаушылық қабілетін дамыту, кеңінен насихаттау және патриотизмді дәріптеу мақсатында «Қаһарман ардагерлер» облыстық байқауы өтті.


Байқауда соғыс жылдарындағы майдан әндері, әскери-патриоттық әндер мен елдің намысын оятатын, жігерін жанитын, рухын көтеретін патриоттық шығармалар, ал үшінші кезеңде қатысушы Қазақстан немесе шетел композиторларының бір шығармасын орындады.

Байқау аталымдары бойынша ауданымыздың намысын қорғап, өз өнерлерін паш еткен ардагерлер «Вокалдық топ» аталымы бойынша ардагер-қызметкерлер Төлеген Есмұханов, Талғат Шайхиев, Салтанат Жұбаниязова бастаған «Аққайың» вокалдық тобы ІІ орынды иемденсе, Сарой ауылдық округінен Серік Сарғозиев «Аспапта ойнау» аталымы бойынша ІІІ орын иеленді.

 

 

 

 

Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы