1.07.2019, 17:09
Қараулар: 38
ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНЕН МАРАПАТ

ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНЕН МАРАПАТ

Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай  Батыс Қазақстан  облысы Полиция департаментінің  бастығы, полиция генерал-майоры  М.Аблазимов  «Сырым елі» газетінің  ұжымына алғысхат жіберді. Алғысхатты Сырым аудандық  полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Бақтығали Қожахметов «Сырым елі» газетінің редакторы Бауыржан Ширмединұлына салтанатты түрде табыс етті.

rbt

«Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр және  баспасөзбен  тығыз байланыстың нәтижесінде облыс тұрғындарына жедел әрі дәлелді ақпараттар жеткізіліп келеді.

 

Сіздерді тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, қауіпсіздікті сақтау жолында  өзара бірлесе әрі жұмыла ынтымақтастықта қызмет  еткеніңіз үшін  шынайы алғысымды білдіремін» деп жазылған алғысхатта.

rbt

 Шынар МОЛДАНИЯЗОВА