17.07.2019, 16:46
Қараулар: 146
Несиенің берекесін көре білейік

Несиенің берекесін көре білейік

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ажмұхамбетұлының төрағалығымен Сырым ауданы бойынша «Еңбек, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 2-бағыты бойынша берілетін несиелерді аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатындағы жиналыс өтті.


Жиынға «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы директорының орынбасары – Нұрбол Жұмағалиев, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының несиелендіру бөлімінің басшысы –  Азамат Ахметов және ауылдық округтер бойынша несие алуға ниет білдіруші шаруа қожалықтарымен жеке кәсіпкерлер, мекеме басшылары және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізге орай халықты жұмыспен қамту орталығының директоры С.Иманғалиев кеңінен тоқталып, ауыл тұрғындарын несиелендіруге ауданымызға 250,0 млн теңге бөлініп отырғанын, бүгінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на құжат тапсырған 29 адамның, 23 адамы 87,7 млн теңге несие алып, бөлінген қаржы 35,2 пайызға игеріліп отырғандығын, оның ішінде «Игілік» бағдарламасымен 20 адам 58, 7 млн, «Кәсіпкер» бағдарламасымен 1 шаруа қожалығы 10,5 млн, «Сыбаға» бағдарламасымен 2 шаруа қожалығы 18, 5 млн теңге несие алуға қол жеткізгендігіне тоқтады.


Жиналыс барысында негізгі бағдарламаларды игеру бағытында кеңінен түсіндіріліп, қол жеткізген несиенің берекесін көру үшін жұмыла еңбек ету жөнінде де сөз болды.

Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы