18.07.2019, 12:32
Қараулар: 425
Қаралған істер татуласумен аяқталды

Қаралған істер татуласумен аяқталды

Сырым аудандық сотының төрағасы Ботагөз Баймұханова үстіміздегі жылдың жартыжылдығында атқарған жұмыстар барысына талдау жасады. Ботагөз Елеуқызының айтуынша, 2019 жылдың 6 айында тергеу судьясымен «Қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындау туралы 2 материал қаралып, «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Биылғы жылдың 6 айында қылмыстық істер бойынша анықталған заң бұзушылыққа байланысты 2 жеке қаулы шығарылды.
Айта кетер болсақ, ағымдағы жылдың 6 айында – 143 тұлғаға әр түрлі әкімшілік жазалар қолданылып, 16 ескерту, 57 айыппұл, 28 әкімшілік қамау, 12 тұлғаға жүргізуші куәлігін пайдалану құқығынан айыру және 2 шетел азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағынан шығару туралы жазалар қолданылды.      Жазаға тартылғандарға 6 айлықта –  барлығы 2 456 491 теңге айыппұл салынып, оның 1 113 185 теңгесі құқық бұзушылардың өз еріктерімен төленді, көрсетілген мерзімде төленбеген айыппұлдар мәжбүрлі түрде орындауға жолданды.
Апелляциялық сатыдағы 1 іс облыстық сотта қаралуда болса,
145 әкімшілік іс «Сот кабинеті» арқылы түсіп,қаралды.

Сот өндірісінде қаралатын істер барысы өткен жылмен салыстырғанда 21 іске азайғандығын көрсетеді.
Жалпы аудандық сотта биылғы жылдың 6 айында қаралған істер бойынша барлығы 36 істің өндірісі татуласу, медиация тәртібімен аяқталған.

 

 Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы