21.07.2019, 20:49
Қараулар: 616
Жымпитыда жаңа дүкен

Жымпитыда жаңа дүкен

Сырым ауданының орталығы Жымпитыда Қарасу мөлтек ауданында су жаңа дүкен ашылды. Ашылу салтанатында Жымпиты ауылдық округінің әкімі Арман Баяндыков жылы лебізін білдіріп, оң бастамаға сәттілік тіледі.

Қып қызыл лентаны дүкен иелері Аманғалиевтер әулетінің үлкендері, кішкентай немерелерімен ырымдап бірге кесті. Ресми түрде ашылған дүкеннің айналасы жақсылыққа ортақтасып келген жүзі жылы жандармен толып, ақ дастархан жайылып, құран оқылды. Еңбек қауіпсіздік қызметкері болғанына қарамастан, өз қаражатына салған дүкеннің иесі Қайрат Аманғалиевтің айтуынша, дүкенде тек азық-түлік қана сатылып қоймай, тұрмысқа қажетті дүниелерде сатылады. Және алдағы уақытта жұмыссыз жандарды жұмыспен қамту да ойында бар екенін айтып өтті. Дүкеннен алғашқы сауда жасаған клиенттерге тәттілер мен шырын сыйлыққа берілді.

 

 

 

 

Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы