21.07.2019, 20:52
Қараулар: 656
Теңбіл допшылар турнирде

Теңбіл допшылар турнирде

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы, Аудандық аурухана және «Қайсар» спорт клубының ұйымдастаруымен «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына арналған шағын футболдан медицина қызметкерлерінің «Nur Otan» партиясы мүшелері арасында партия кубогі үшін облыстық ашық турнирі өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында  «Nur Otan» париясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев пен аудандық орталықтандырылған аурухана директоры Роза Тахамбетовалар сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге Сырым ауданынан бөлек Ақжайық ауданының, Қаратөбе ауданының, Орал қаласының аяқдопшылары қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша «Ақжайық аудандық ауруханасы»  І орын, «Қаратөбе аудандық ауруханасы»  ІІ орын, «Облыстық жедел жәрдем 1» ІІІ орын иемденіп, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

                            Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы