1.08.2019, 12:37
Қараулар: 138
Кеңес мүшелері рейдке шықты

Кеңес мүшелері рейдке шықты

Жақында аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшелері рейдтік шара ұйымдастырды.

 

Аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, Сырым ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы, полиция майоры С.Халилова, аудандық аурухананың директоры Р.Тахамбетова, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы, қорғаншылық-қамқоршылық өкілі Д. Қажиахметов,Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Д.Искакова, халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша кеңесші маманы А.Уталиев, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, комиссия хатшысы А.Шукатова.

Сырым ауданының полиция бөлімінің «Қолайсыз отбасы» санаты есебінде тұрған, сонымен қатар жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасылардың шаңырақтарында болып, олардың хал-ахуалымен танысты. Рейд барысында Сырым ауданының полиция бөлімінің қолайсыз отбасылар есебінде тұрған, сонымен қатар әлеуметтік көмек алып отырған отбасыларға назар аударылып, олардың мұң мұқтажы тыңдалды. Анықталған деректер бойынша тиісті тапсырмалар жүзеге асатын болады.

 

                                                                  Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы